Саясат

КХДР: Трамп дана шешім қабылдаса ғана ядродан бас тартамыз

Солтүстік Корея жыл соңына дейін АҚШ-тың «дана» шешіміне үміттенеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Солтүстік Корея мен АҚШ арасындағы ядролық қарусыздандыру жөніндегі келіссөздер АҚШ-тың жыл соңына дейін қандай шешім қабылдауына байланысты болады. Бұл туралы КХДР СІМ кеңесшісі Ким Ге Гван мәлімдеді.

- Ерік-жігер бар, жол бар. Біз АҚШ-тың жылдың соңына дейін қаншалықты «ақылды» шешім қабылдайтындығын көргіміз келеді, - деді ол.

Ол Ким Чен Ын мен Дональд Трамп арасындағы «ерекше» қарым-қатынас болашақта екі ел арасындағы проблемаларды шешуге «қозғаушы күш» болады деп үміттенетіндігін айтты.

- Мен тығыз қарым-қатынастар негізінде КХДР мен АҚШ арасындағы барлық кедергілерді еңсеруге және екіжақты қатынастарды неғұрлым қолайлы бағытқа жылжытатын қозғаушы күш пайда болады деп сенемін, - деді Ким Ге Гван.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61