Саясат

Қазақстан мен Ресей: Дариға Назарбаева кезекті кездесуін өткізді

Сенат спикерінің кезекті кездесуі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Мәскеу және Бүкіл Ресейдің қасиетті Патриархы Кириллмен кездесті. 

Кездесу Қазақстан Парламенті Сенаты делегациясының Ресейге ресми сапары аясында өтті. 

Палатаның баспасөз қызметі мәлім еткендей, Дариға Назарбаева кездесу кезінде жылы шырайлы қабылдаулар үшін Патриархқа алғысын айтты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Мәскеу Патриархаты арасында өзара сындарлы әрекет қалыптасып, сенімді қарым-қатынастың орнағаны белгілі болды.

«Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезіне сіздің қатысуыңыз форум жұмысына баға жетпес үлес қосты және оның мазмұнын айтарлықтай байыта түсті. Біздің ынтымақтастығымыз бен өзара қарым-қатынасымыз алдағы уақытта да елдеріміз арасындағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға ықпал етеді деп үміттенеміз. Сізді 2021 жылдың маусым айында өтетін келесі форумға құрметті қонақ ретінде қатысады деп үміттенеміз», - деді Сенат спикері. 

Патриарх Кирилл өз кезегі келгенде Дариға Назарбаеваға форумға шақырғаны үшін алғысын білдірді және қоғамдар, діндер мен мәдениеттер арасында сындарлы үнқатысу орнатудағы, дінаралық төзімділікті, ізгі ниет пен өзара түсіністік қалыптастырудағы діни иерархтар съезінің маңызды екенін атап өтті. 

«Қазақстан – қасиетті мекен. Біз еліміздің және өзара қарым-қатынасымыздың дамуына өте қуаныштымыз. Съезд – әлем қауымдастығын толғандыратын маңызды және нақты мәселелер шешілетін ашық алаң. Бұл ретте Тұңғыш Президент Н. Назарбаевтың рөлі мен еңбегі өте зор. Біз барлық бағыттар бойынша қолдау мен тығыз ынтымақтастыққа, оның ішінде конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен байланысты нығайтуға ықыластымыз», - деп қорытындылады Патриарх Кирилл.