Bugin
Кімге барып тіс қайрайық, бауырет билік басшыларым...
Осы "Жастар жылы" не болып кеткенін айта аласыздар ма? Әлі орта жасқа жете қоймаған сияқты едім, мүмкін сөздің мән-мағынасын түсіне алмадым ба екен?!
Болашаққа қадам басу үшін кешегі күнмен өмір сүру керек емес екенін айтып жатады данышпандар. Қанша ойлап қарасам да, өткенге көз салмай тұрып бүгіннен сабақ ала алмайсың. Өткен шақпен күн кешу керек демеймін, бірақ болған істі болды демей, қайта қателік жасамас үшін еске алып тұрған дұрыс шығар. Негізі, тақырып бұл жайында емес...
Биыл билікте тым қатты өзгерістер болып, шамалымыздың миымыз ашып кеткен болар. Бірі кетіп, бірі келіп жатқан саясаттың саңлақтарын жаттап та үлгермедім. Қайсысы жылы орнында қалып, қайсы бірі жұмсақтан қаттыға өткенін аңғармадым. Өзіме қызық болғаны, біздің үміт артып жүрген, естігенде дел-сал күйге түсетін "президент" атауы жай ғана "бұйрықты орындаушы" дәрежесіне түскені. Соған қарағанда Елбасы елімді өзім ғана басқара аламын деген болар...
Мәселенің тоқетері (немесе тоқ етері), елбасының жарлығына қуанған жастардың алып-ұшқан көңілдері біраз уақыттан кейін су сепкендей басылды. Неге десеңіз, атауы мен мұндалап тұрғанымен, көмекке мұқтаж азамат пен азаматшаларға еш пайдасы тимеді бұл жылдың. Олардың басында қаншама қоқыс бар. Бірақ тазалап берер ешкім жоқ. Анда барса таныс керек, мында келсе ақша сұрайды, тағысын тағылар.
Осы бір кедергілер қаншама талантты жастың қанатын қылышпен кесті. "Жастар жылынан" үміт күтіп еді, болмады. Қаракөз қыздарың мен қара домалақ ұлдарың қолдарындағы дипломмен неге жұмыссыз жүр? Осы сұрақ "жастар жылында" өзекті болмады ма?
Кімге барып тіс қайрайық, бауырет билік басшыларым?..