Weekend
Бәрі бағдарламадан басталды
Танымал журналист және 6 миллионнан астам ютубта қолданушысы бар "Дудь" бағдарламасының жүргізушісі Юрий Дудь әйгілі қазақстандық стендапшы Нұрлан Сабуровты бағдарламасына шақырды.
Барлығымыз жақсы білетіндей, Нұрлан Сабуров - Қазақстаннан шыққан үздік стендапшы. Карьерасын Ресей телеарнасында жүріп бастаған. Түрлі бағдарламаларға қатысқан. Өзіндік стилі бар мықты әзілкеш.
Алайда оны Юрий Дудь бағдарламасына тек осы жақында ғана шақырды. Неге? Не себеп болды?
Көпшілік білмеуі мүмкін, десе де Ресейде Labelcom атты ютуб каналы жаңадан бір жоба бастап, әзілкештерді бірінен соң бірін "Что было дальше" бағдарламасына шақыра бастады. Нұрланның стилі Ресей аудиториясына қатты ұнайтындықтан, ол да бағдарламаға қонақ болып барды. Аяқ астынан.
Бағдарламаға келген қонақ басынан өткен оқиғаларын айтып, бірақ аяғына дейін жеткізбейді. Ары қарай не болғанын жиналған әзілкештер өздері табуы керек.
Басты қызық нәрсе, әзілкештердің қонаққа еш тыныштық бермей, сөзін бөліп, жерден алып салуға әбден құқылы. Дәл осындай формат өзінің өте тиімділігін аз уақытта көп қаралым жинаумен дәлелдеді.
Ал біз білетін Юрий Дудь аз уақытта танымал болған адамдарды өзінің бағдарламасына жиі қонаққа шақырады. Осылайша қазақстандық азаматымыз үлкен ютубтағы каналға қонақ болып келеді.
Толықтай төмендегі видеодан қарай аласыздар.