Саясат

Ресей S-400 әуе қорғаныс жүйесін Сербияға апарды

Алғаш рет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мәскеу Балқанға S-400 Triumf және Pantsir-S1 зымыран жүйелерін жіберді, деп хабарлайды "RT.COM" сайты. Мұндай зымырандарды Ресей шетелдік жаттығуларға алғаш рет жіберіп отыр. 

Ресейдің қорғаныс министрлігі бейсенбіде S-400 және Pantsir сериялары Сербия астанасы Белградтан 25 шақырым жерде орналасқан Батажница әуе-әскери базасына орналастырылды деп мәлімдеді. Олар сол жерде «Славян қалқаны-2019» бірлескен әскери жаттығуына қатысты.

Бұл Ресей-Сербия алғашқы бірлескен жаттығуы саналады. Оның үстіне, Мәскеудің әуе шабуылына қарсы зымырандық жүйесі шетелде алғаш рет қолданылды. Ал өткен айдағы іс-қимылдар Ресейдің оңтүстігінде жаттығудың бірінші кезеңі болды.

Хабарда екі ел арасында бұрыннан келе жатқан достық бар, НАТО-ға мүше елдер қоршап тұрғанына қарамастан, Белград Ресейдің Балқандағы ең жақын одақтасы болып қала береді делінген. Өткен жылы Ресей Сербияға реактивті ұшақтар, тікұшақтар, танктер, БТК және радарлар жеткізді. Қазіргі уақытта аталмыш елге Pantsir-S1 жеткізіледі деп күтілуде. Бұл елдің кейбір саясаткерлері S-400 қорғаныс жүйесін сатып алуға қызығушылық білдірген.

Ресейдің S-400 жүйесін Жақында Түркия мен Үндістан сатып алған болатын. Екі мемлекет те Америка Құрама Штаттарының қысымына ұшырап, Америка жағынан шартты бұзу туралы талап етілсе де, бәрібір сауданы жалғастырған еді.