Bugin

Шешенстан полициясы Ислам Кадыровтың үстінен тексеріс бастады

Журналистердің қолына дәлел болатын бейнематериал түсті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шешенстанның құқық қорғау органдары Грозныйдың бұрынғы мэрі Ислам Кадыровқа қатысты тексеріс бастады. Оған 2012-2015 жылдары Шешенстан астанасының басшысы лауазымында болған кезінде жергілікті тұрғындармен қатыгез қарым-қатынас жасауы себеп болған. 

Бұл туралы бейсенбіде Ішкі істер министрлігі қалалық әкімшіліктің қылмыстық іздестіру басқармасы бастығының орынбасары Саламбек Мутиев мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

- Бізге сол жағдайға байланысты бейнематериалдар жіберілді, соның негізінде тексеріс жүргізілуде. Процессуалдық шешім заңда белгіленген мерзімде қабылданады, - деді Мутиев Грозный телеарнасының эфирінде.

Видеоны телеарна тілшілері құқық қорғау органдарына берген. Эфирден үзінділер де көрсетілді. Сюжет авторларының айтуынша, материалдар бұрынғы шенеуніктің жеке баспасөз қызметімен жазылған. Ал «Грозный» телеарнасының журналистерінің қолындағы бейнематериалдың уақыты шамамен сегіз сағатты құрайды.

Кадрларда Ислам Қадыровтың «алаяқтық жасады» деген күдікпен жергілікті тұрғындармен өрескел сөйлесіп жатқандығы, «терроризмді қаржыландырды» деп жалған айып тағып жатқандығы көрсетіледі.

- Қажетті ақпаратты білу немесе алаяқтардан жасалған іс-әрекетті шын жүректен мойындату үшін экс-әкім психологиялық ықпал ету әдістерін де қолданды, - делінген сюжетте.

Тағы бір жазбада Қадыровтың күзетшілері коммуналдық қызметтерді уақытында төлемегендермен, қолдарын бұрап отырып, дөрекі сөйлескен көрінеді.

- Белгілі болғандай, қандай да бір игі мақсаттарға қол жеткізу үшін Ислам өрескел әдістерді қолданған, осыдан кейін Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров шенеунікті жұмысынан шеттетті, - деді Каримов «Грозный» эфирінде.