Bugin

Италияда жер сілкінісі болды

4,4 балдық

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Италияның Ұлттық геофизика және вулканология институтының (INGV) хабарлауынша, жұма күні таңертең Италияның оңтүстік жағалауындағы Тиррен теңізінде 4,4 балдық жер сілкінісі болды.

Сейсмологтар жер асты дүмпуін сағат 06.31-де (Астана уақытымен 10.31) тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі теңіздің 11 шақырым тереңдігінде, Скалея қаласы маңындағы Калабрия оңтүстік ауданының жағалауларында болды. Жердің тербелісі осы қалада және облыстың бірқатар басқа елді мекендерінде айқын сезілді. Жер сілкінісінен қорыққан көптеген тұрғындар үйлерін тастап кетті.

Калабрия билігінің мәліметінше, жер сілкінісі салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Италияның оңтүстігінде сейсмикалық белсенділік тоқтаған жоқ. 7 қазанда INGV мамандары Катандзаро қаласының ауданында, Калабрияда 4,0 баллдық жер сілкінісін тіркеді. Содан кейін жергілікті билік мектептерді эвакуациялауды бұйырды. Себебі жер сілкінісі халықтың үлкен алаңдаушылығын тудырған еді.

Дәл бір апта бұрын Катания сицилиялық провинциясында, Этна жанартауы жанында 3,3 баллдық жер сілкінісі болды. Жанартау өз белсенділігін 14 шілдеде қайта бастаған болатын.