Саясат

Трамп АҚШ-тың Сирия мұнайын қорғауға деген ұмтылысын түсіндірді

Мұнайға әркімнің-ақ бар таласы...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америка Құрама Штаттары «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) содырларының Сириядағы мұнай кен орындарын қайтадан басып алуына жол бермейді. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында жазды.

- Түркия мен күрдтер туралы кеше менің сөйлеген сөзімде мұнай кен орындарын АҚШ-тың күрдтердің көмегімен жаулап алғанға дейін оны ИМ-ті басқарғандығы айтылған. Біз ИМ-ның бұл аумақтарды басып алуына ешқашан жол бермейміз! - деп жазды ол.

Бұған дейін АҚШ Сирияның шығыс бөлігіне соғысушылардан қорғаныс үшін әскерлер мен танктерді жіберуді жоспарлағаны белгілі болды.

Newsweek ақпарат көзінің хабарлауынша, америка әскерилердің басты міндеті – бұл кен орындарын тек Ислам мемлекетіне ғана емес, сонымен бірге президент Башар Асад басқаратын немесе Иран мен соған байланысты қарулы күштердің бақылауындағы Сирияның ресми үкіметінің бақылауына бермеу.

Бұған дейін Трамп әскерлерін, Сирияда түрік әскери операциялары басталғаннан кейін, Сирияның солтүстік бөлігін тастап кетуді бұйырған. Кейін Америка басшысы бірнеше жүздеген АҚШ әскерін Сирияның шығысында қалдыруды туралы шешім қабылдағандығын айтты.