Weekend

Әлем халқының ежелден келе жатқан жаңа жыл мейрамы қай кезде тойланады?

Мысалы, Қазақстанда ежелден келе жатқан жаңа жыл 22-наурыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жаңа жыл барлығы асыға күтетін ерекше мереке. Әлемнің  көптеген халқы тойлайтын ортақ мереке 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні. Дегенмен әр халықтың ежелден қалыптасқан, дәстүр бойынша тойланатын жаңа жыл мейрамы бар екені баршамызға мәлім. Бүгін сіздерге әлем елдерінің дәстүрлі жаңа жыл мейрамы туралы айтуды жөн көрдік.

Қазақстан

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Парсы тілінде нава сөзі «жаңа», рәзаңһ сөзі «күн», яғни жаңа күн деген мағынаны білдіреді. 2010 жылдың 10 мамырынан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясының шемімен 21 наурыз «Халықаралық Наурыз күні» болып аталып келеді. Бас ассамблея өзінің қарарында Наурызды көктем мерекесі ретінде 3000 жылдан бері Балқан түбегінде, Қара теңіз аймағында, Кавказда, Орта Азияда, Таяу Шығыста 300 миллион адам тойлап келе жатқандығын мәлімдеді. Қазақстанда Наурыз мейрамы ұлыстың ұлы күні болып есептеледі және бұл мейрам 21-23 наурыз аралығында аталып өтеді. Жалпы, Наурыз парсы, кавказ және түрік халықтарының арасында көктем мейрамы және жаңа жылдың басталуы ретінде тойланады. Ол Иранда 21 наурызда, Орталық Азия елдерінде және Әзірбайжанда, мемлекеттік мереке ретінде Тәжікстанда және Қазақстанда - 22 наурызда, Өзбекстан мен Түркияда 21 наурыз күні аталып өтіледі.

Қытай

Қытай халқы шығыс күнтізбесі бойынша 9 ақпан күні жаңа жыл мерекесін тойлайды. Қытай жаңа жылы – Чуньцзе (көктем мерекесі) деп аталады.

Бұл мерекеге Қытай халқы ерекше мән береді. Осы күндері Алматыдағы Қазақстан республикасының ұлттық кітапханасы жанында қырылған Қытай мәдени орталығы жаңа жыл мерекесін атап өтті.

Мейрам қаңтардың ортасынан бастап ақпанның тоғызына дейін тойланады. Мұны қытайлар "Чуньцзе", яғни "көктемді қарсы алу мейрамы" деп атайды. Бұл мерекеге Қытай елі ерекше мән береді екен. Бұл турасында бізге қытайтанушы, профессор Ибрахим Қашқари өз кезегінде айтқан болатын. Қытайдың үш мың жылдық тарихы бар жаңа жыл мерекесінде, арнайы мерекелік тағам тұшпара дайындалады екен.

Қытай халқы жаңа жылғы мерекеде, бір-біріне көбінесе тәтті тағамдар сыйлап, жақсы тілектер айтумен болады. Профессор Ибрихим Қашқаридің сөзіне қарағанда, осы мерекені асыға күтетіндердің бірі - балалар .

Қытай елінің Қазақстандағы елшісі Чжоу Сяопэй балалық шағында әке-шешесінің берген 5 тиыны әлі күнге дейін есінде екендігін айтады. Ал өз кезегінде қытай елшісі өз балаларына да дәстүрлі ақша сыйлаған екен. Ал қазір балаларының алды 30-дан асыпты.

Үндістан

Үндістер дәстүрлі жаңа жылды көктемде қарсы алады. Үндістан қалаларында  мереке түрлі күні тойланады. Мысалы, Андхра-Прадеште жаңа жыл 26 наурыз, Батыс бенгалиде-13 сәуір, Тамил Надуде-14 сәуір күні тойланады. Үндістандағы Жаңа жылдың басталуы өте жарқын мерекелердің бірі болып есептеледі. Қалалар мен ауылдардың көшесінде карнавалдық шерулер өткізіліп, жәрмеңкелер ұйымдастырылады. Егер сіз шығыс базарының қайталанбас атмосферасын сезінуді армандайтын болсаңыз, сол күндері Үндістанға барыңыз.

Рим

Римдіктер үшін Жаңа жылдың алғашқы күні 1 қаңтар болып есептелінген. Римдіктер  бұл күнді ерекше тойлап, сәтті өткізу үшін барын салған. Мерекені тойлауды императорлары Юлий Цезарь жаңа күнтізбе енгізген.

Орыстар

Орыстарда I Петрге дейін жаңа жыл мерекесі 1 қыркүйек күні тойланып келген.  Тек І Петр келген соң, 1 қаңтарға ауыстыруға үкім шығарған. Яғни 1700 жылдан бастап орыстар жаңа жылды әшекейлі шыршамен қарсы алу дәстүрін енгізіп,  Ресейде жаңаша жыл санау басталған.

Жапон

Жапон балалары келер жыл денсаулық пен табыс әкелсін деген ниетпен Жаңа жылды жаңа киіммен қарсы алады. Жаңа жыл түнінде олар жастықтарының астына бақыттың жеті қолдаушысы- жеті сиқыршы жүзіп келе жатқан желкен салынған суретті жастанып жатады. Мұздан қашалған сарайлар мен қорғандар, ертегі кейіпкерлердің қардан жасалған мүсіндері Жаңа жылда Жапонияның солтүстік қалаларының көркін ашады. Қоңыраудың 108 рет соғылғаны Жапонияға Жаңа жылдың келгенін хабарлайды. Көне наным бойынша, әр соққы адамның кемшілігін «өлтіреді». Жапондықтар адам бойында алты кемшілік бар деп есептейді, олар: ашу, қызғаншақтық, сараңдық, жеңілтектік, ақымақтық және жасқаншақтық. Бірақ әр кемшілікте 18 ерекшелік бар, сондықтан да осылардың әр қайсысы бойынша қоңырау соғылады. Жаңа жылдың алғашқы минуттарында күліп жіберу керек. Ол табыс әкеледі деген наным бар. Ал үйге бақыт ену үшін жапондықтар үйге кірер есікті қарағай және бамбук бұтақтарымен безендіреді. Қарағай ұзақ ғұмырды, бамбук сенімділікті, алша өмірге құштарлықты бейнелейді. Дастархандағы тағам да жақсылықтың нышаны болып есептеледі.