Саясат
АҚШ мұнайды қорғау үшін әскер қалдырғанын айтқан еді
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ Сирияның Дейр-эз-Зор провинциясындағы мұнай кен орындарынан шығарылуы сөзсіз. Бұл туралы Сирия парламенті халықаралық комитеті төрағасының орынбасары Аммар аль-Асад мәлімдеді, деп хабарлайды «Известия» газеті.
Асадтың айтуынша, Сирия елдегі барлық мұнай кен орындарын ел үкіметінің бақылауына қайтаруға ниетті. Сонымен қатар ол кен орындарын қайтару – әскери операцияның аясында жасалу мүмкіндігінде қосып өтті.
- Аймақтағы күш пен тұрақтылықты күрд полициясы немесе кейбір шетелдік күштер қамтамасыз етпейді, тек Сирия үкіметінің әскері және Дамасктың келісімімен САР-да (Сирия Араб Республикасы) болған «ойыншылар» ғана қамтамасыз етеді, - деді аль-Асад.
Сириялық саясаткер АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесін «өзін-өзі растаудың қажетсіз әрекеті» деп атады, өйткені америкалықтар «Сирияда жеңіліске ұшырады» деп түсіндірді.
Бұған дейін АҚШ Сирияның шығыс бөлігіне әскерлер мен танктерді жіберуді жоспарлағаны белгілі болды. Трамп мұны содырлардың осы аймақтағы мұнай кен орындарын қайтадан басып алуына жол бермеу ниетімен түсіндірген еді.