Саясат

БАҚ: Түркия мен Сирия әскерінің арасында қақтығыс болды

Шабуылдан сирияның бірнеше сарбазы қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирияның солтүстік-шығысында, Таль-Тамр қаласының маңында Түрік әскери күштері мен Сирия үкімет күштері арасында қақтығыс орын алған. Нәтижесінде, бірнеше сириялық сарбаздардың өмірі қиылған. Бұл туралы Associated Press 24 қазан күні хабарлайды.

Сирия әскері қарсылық көрсеткені, бірақ шығынға ұшырағаны атап өтілген. Агенттік сонымен қатар түрік әскерилерінің аймақтағы күрд күштерімен тағы бір қақтығысы болғандығын хабарлайды.

Бейсенбі күні Күрд-Араб одағының Сирия Демократиялық күштерінің қолбасшысы Мазлум Кобани Абди Түркия мен оның одақтастары Сириядағы Рас-эль-Айн аймағында, әскери операциялардың аяқталғандығы туралы хабарланғанына қарамастан, соғысуды жалғастырып жатқандығын айтты.

Сонымен бірге, Түркияның Қорғаныс министрлігі Күрд күштерінің Сирияның солтүстік-шығысындағы «қауіпсіз аймаққа» шабуыл жасағанын, нәтижесінде бес әскери қызметкер жараланғандығын хабарлады. Түрік әскерлеріне бұл шабуылдарға өзін-өзі қорғау үшін жауап беруге тура келген.

22 қазанда Сирияның солтүстігінде 120 сағаттық атысты тоқтату аяқталғаннан кейін, күрдтер түрік әскери операциясының аймағын тастап кетті, содан кейін Анкара 9 қазанда басталған соғыс қимылдарының тоқтатылатынын мәлімдеген болатын.