Саясат
Елге кім қожа?
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шенеуніктерді тағайындаудағы өкілеттігінің кеңеюін білдіретін 184-ші қаулының қабылдануы халықтың жаппай наразылығын тудыруда. Елде «қос билік» жоқ деп ағынан жарылған Назарбаевтың сөзін мына жарлық ашық жоққа шығарды.
Алайда қазақстандық саясаттанушы Досым Сатпаевтың айтуынша, Назарбаевтың бұл жарлықты кімнің кім екенін халыққа емес, мемлекеттік аппаратта жүрген шенеуніктерге көрсету үшін жария етіп отыр. Елде кім қожайын екенін көрсету үшін осындай ашық шайқасқа барып жатыр.
- Егер Назарбаев Тоқаевтың беделін түсірмеуді қаласа, онда мұндай ақпаратты жариялы түрде хабарлап, таратпайтын еді. Алайда ақпарат ашық тарады. Тіпті, келісім жасамай ақпарат таратпайтындардың өзі ашық кетті. Себебі Назарбаев қоғамға, элитаға биліктен кетпегенін, елде қожайын өзі екенін тағы бір таныту үшін осындай қадамға барды. Әрі Тоқаевтың алдына алып кедергі қойып, жолын жабу үшін жасады, - деп тұжырымдайды саясаттанушы.
Бірінші президенттің бұлай айбат шегуі, сөзсіз, Тоқаевтың абыройын төгіп, бюрократиялық аппараттың алдында беделін түсіреді.
- Біздің елде кім кадр тағайындай алса, соның беделі жоғары. Кадр тағайындауға ықпалы бар адамның беделі мемлекеттік шенеуніктер үшін өте маңызды. Ал Тоқаевтан мұндай мәртебені елдің көзінше тартып алды. Енді оның бюрократиялық аппарат алдындағы қадір-қасиеті қалмады, - дейді Досым Сатпаев.
Осы орайда айта кеткен жөн, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мұндай қадамға шұғыл баруына, атқа қонуына не себеп болғанын халықаралық БАҚ өкілдері бірден байқап болжамдар ұсынған болатын.