Bugin
Мотивация жоғалтпау үшін қалаған ісіңізбен шұғылданыңыз
Кез-келген адам мотивация іздеуге және оған ие болуға құқылы. Сондықтан өзімізге керек шабытты қайдан аларымызды білмей, көп бас қатырамыз. Шын мәнісінде шабытты табу соншалықты қиынба?! Ол сұрақтың жауабын төмендегі мысалдардан біле аласыздар.
1. Ерте тұру
Барлық табысты адамдар ерте тұрады. Оған себеп барлық сиқырлы және ерекше құбылыстар дәл таңертеңгі уақытта орын алады. Дүниенің әлі оянбаған сәті сізге өзгеше шабыт сыйлары анық. Ең қызығы ұйқысынан ерте оянатындардың айтуынша, олардың өмірі басқалардан өзгеше бақытқа толы екен. Сондықтан сізге де осы құбылысты байқап көруге кеңес береміз. 1-2 айдан соң нәтижені байқайсыз.
2. Қызығушылықпен оқу
Егер сіз күнделікті теледидардың немесе компьютердің алдында отыратын уақытыңызды пайдалы және қызықты кітапты оқуға алмастырып көрсеңіз не болатынын ойладыңыз ба? Олай болғанда сіз айналаңыздағы ең ақылды адам болар едіңіз. Сіз кез келген сұраққа ойланбастан жауап беріп, өзгелердің қызығушылығына ие боласыз. Әрине, ол үшін сізге кітапты дұрыс таңдай білу керек. Марк Твен айтқандай: «Жақсы кітап оқымайтын адамның оқи алмайтын адамнан артықшылығы болмайды».
3. Жеңілдету
Өзіңізге қажетсіз және пайдасыз дүниені жою арқылы өміріңізді жеңілдетіңіз. Бұл ұзақ тәжірибені қажет етсе де, оң нәтиже береді. Жадыңыз бен ойыңыз тазаланып, біршама уайымыңыздан арыласыз. Ең бастысы, сіздің өміріңіз неғұрлым қарапайым болса, соғұрлым сіз одан ләззат ала аласыз.Осыны ұмытпаңыз!
4. Сабырлық таныту
Тұрақты күйзеліс пен хаос жағдайында өмірден ләззат алу мүмкін емес. Өзіңізге уақыт табыңыз, ішкі дауысыңызды тыңдаңыз. Сіз үшін маңызды барлық нәрсеге сабырлықпен назар аударыңыз. Медитация жасау үшін ерте тұруды әдетке айналдырыңыз. Өмірдің қарқынын бәсеңдетіңіз, сонда сіз ұмтылғаныңыздың бәріне жете аласыз.
5. Жаттығу
Жаттығуды қазірден бастағаныңыз жөн. Оған қоса спортпен шұғылдану үшін арнайы залға барудың керегі жоқ.
Байқағаныңыздай, мотивация алу аса қиын емес. Ең маңыздысы өзіңіз қалаған жұмыспен шұғылдану.