Weekend

АҚШ Париждегі климат келісімінен ресми түрде кеткісі келеді

2015 жылы қол қойған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ әкімшілігі Париждегі климат келісімінен ресми түрде шығуға дайындалып жатыр. Бұл туралы The New York Times хабарлады.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілі «бұл процесті бастау үшін БҰҰ-ның ресми хабарламасы дайын ба, жоқ па, бір жылға созылатын және соның салдарынан АҚШ климаттың жылынуын шектеу жөніндегі жаһандық күш-жігерден формалды түрде шыға алатындығы туралы хабарлаудан бас тартты».

Газет осыған байланысты Париж климаттық келісімінде қарастырылған ережелерге сәйкес, 4 қараша – бұл Трамп әкімшілігі БҰҰ-ға келісімнен бас тарту туралы жазбаша хабарлама жібере алатын ең алғашқы уақыт екенін еске салды.

Еске салсақ, 2015 жылы климаттың өзгеруі туралы Париж келісіміне қол қойылған болатын. Келісімнің негізгі мақсаты – индустриялық революцияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда, екі Цельсий градустан аспайтын деңгейде жаһандық жылынуды ұстап тұру. Алайда адамдардың көбі бұл мақсат жеткіліксіз деп санайды.

Сонымен бірге, 2017 жылы АҚШ президенті Дональд Трамп келісімге АҚШ-тың қатысуын тоқтататынын жариялады.