Саясат
Бұған дейін 5000 қару-жарақ алған еді
Орталық Африка Республикасының (ОАР) Президенті Фостен-Арканж Туадера оның елі Ресейден тағы да қару алғысы келетіндігін мәлімдеді, деп хабарлайды mk.ru.
- Сіздер Ресейдің ОАР-ға 5000 қару-жарақ жеткізуге келіскендігін білесіздер, - деді ол.
Ол қару жеткізілген. Енді Оңтүстік Африкаға тағы да қару керек болып отыр. Туадера Ресей-Африка саммитіндегі кездесуінде Ресей Федерациясынан ОАР-ға тағы қосымша көмек беру мүмкіндігі туралы сұраған болатын.
Оның айтуынша, Ресей Орталық Африка республикасына қару-жарақ жеткізіп қана қойған жоқ. Ол әскери қызметшілерге қару ұстауға үйрететін нұсқаушыларды да қоса жіберген. Бұл курстарға үш мың әскери қызметкер қатысуға болатын еді.