Саясат

Ресей мен Африка БҰҰ-ны бірлесе реформалауға келісті

Не талқыланды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей және Африка елдері БҰҰ-ны, соның ішінде Ұйымның Қауіпсіздік Кеңесін реформалағысы келеді. Келісім 24 қазанда жарияланған бірінші Ресей-Африка саммитінің декларациясында жазылған.

- (Тараптар келісті - ред.) БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарын іске асыруда тығыз ынтымақтастық орнату, халықаралық қатынастардағы БҰҰ-ның белсенді рөлін қамтамасыз ету, әсіресе, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау. БҰҰ-ны, оның Қауіпсіздік Кеңесін реформалауға бағытталған күш-жігерді үйлестіру, сондай-ақ қазіргі және жаңа жаһандық сынақтар мен қауіп-қатерлерге қарсы тұру үшін БҰҰ әлеуетін арттыру, - деп құжат мәтініне сілтеме жасайды ТАСС.

Мемлекеттер терроризмге және экстремизмге қарсы тұруға, оның ішінде Африканың бітімгершілік миссияларын мамандандырылған ресейлік ұйымдарда оқытуға ниетті.

Тараптар климаттың өзгеруіне қарсы тұру, тұрақтылық пен елдердің теріс салдарға бейімделуін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты және барлық елдерді «Жасыл климат қорының ресурстарын мақсатты және жан-жақты толықтыруға» шақырды.

Мәлімдемеде сонымен бірге елдердің гуманитарлық көмек көрсету, табиғи апаттар мен эпидемиялардың алдын-алу, халықаралық қатынастардың неғұрлым әділ жүйесін құру, саудадағы саяси диктатураға және валюталық бопсалауға қарсы тұру, ядролық қаруды таратпау, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік және ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастыққа деген ниеті жазылған.

Саммитті Ресей президенті Владимир Путин қорытындылады.

- Бұл оқиға Ресей мен Африка құрлығының мемлекеттері арасындағы қарым-қатынасты, шынымен де, жаңартты, - деді Ресей басшысы.

Саммит қорытындысы бойынша қатынастарды одан әрі үйлестіру үшін Серіктестік форумын құру туралы шешім қабылданды. Форум аясында үш жылда бір рет саммиттер өткізіліп тұрады.

Ресей - Африка саммиті Сочиде 23-24 қазан аралығында өтті. Іс-шараға Африка құрлығының 40-тан астам елінің билік өкілдері қатысты. Саммитпен қатар мемлекет басшылары, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен экономикалық форум өтті.