Weekend
Ақпаратты кезең-кезеңімен санаға сіңдіру процесі
Технологиялық прогресс адамзат өркениетінің мәні мен өзегі болып, моральдық нормалар мен мәңгілік құндылықтар "модадан" қалып барады. Осындай бір тұста «Овертон терезесі» тұжырымдамасы жайлы сөз қозғасақ. Ең алдымен Овертон терезесінің теориясының пайда болуына тоқталсақ.
Овертон терезесі (дискурстық терезе) - бұл теория немесе тұжырымдаманың көмегімен кез келген идеяны қоғамның санасына енгізуге болады. Мұндай идеяларды қабылдау шектері Овертон теориясымен сипатталған және өте нақты қадамдардан тұратын дәйекті әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Бұл тұжырымдама 90-жылдардың ортасында осы теорияны ұсынған америкалық әлеуметтанушы Джозеф Овертонның құрметіне аталған. Модельді қолдана отырып, Овертон қоғамдық пікірді және оның қабылдану дәрежесін бағалауды ұсынған болатын.
Шындығында, ол жай адамның өмір бойы жұмыс істейтін технологиясын сипаттаған. Бұл ежелгі уақытта интуитивті болған теория, технология ғасырында нақты формалар мен математикалық дәлдікке ие болған.
Жалпы Овертон терезесінің ерекшеліктері жайлы айтсақ. Оның көмегімен православиелік қоғамның санасына, әртүрлі идеяны отырғызуға болады. Дегенмен бұл бірнеше кезеңдерде жасалады. Мысалы ретінде гомосексуализмді алайық. Егер бұл құбылыс бұрынғы ғасырларда болған кезде, өте ұятты нәрсе болып сналушы еді.
Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басында қоғам Овертон терезесінің қалай жұмыс істейтінін шынымен байқай алды. Алғашында бұқаралық ақпарат құралдарында гомосексуализм, егер ол ауытқу болса, онда бұл табиғи нәрсе деген көптеген жарияланымдар пайда бола бастады. Өйткені біз өте ұзын бойлы адамдарды айыптаған болатынбыз. Алайда олардың өсуі генетикаға байланысты болғандығын білдік. Дәл осы секілді журналистерде гомосексуалдық жүйені қалыпты жағдай ретінде қабылдауға ұсыныс тастады. Және де гомосексуализм табиғи нәрсе, яғни, адам өмірінің бір жағы болатындығын дәлелдеді.
Жылдар өтіп, Овертон дискурсының терезесі өз мақсатына жетуді жалғастыра берді. Көп ұзамай адамзат мәдениетінің көптеген көрнекті өкілдері бір жыныстық қатынастардың жақтаушылары екені белгілі болды. Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдары өздерінің гомосексуализміндегі саясаткерлердің, шоу жұлдыздарының және басқа да танымал тұлғалардың мойындауларын жариялай бастады.
Сайып келгенде, Овертонның теориясы өте дәлдікпен жұмыс істеді және 50 жыл бұрын ойға келмейтін нәрсе - бүгінгі күнгі норма. Қазір көптеген дамыған елдерде гомосексуал деп санау қалыпты ғана емес, сонымен қатар беделді екен.