Саясат
Белоруссия президенті елімізге дән риза
Беларусь Президенті Александр Лукашенко, өз елінің Қазақстанмен достық қарым-қатынасын ешқашан сатпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы БелТА басылымына сілтеме жасап.
- Қазақстан халқына айтқым келеді: Сіздер, Белоруссиямен байланыс орнатып, дұрыс жасадыңыздар. Біз міндетке берік адамдармыз, ешқашан ешкімді сатпадық және сіздерді ешқашан сатпаймыз. Еуропа орталығында, сіздің де жер бар екенін біліңіз, - деді ол.
Келіссөздерді қорытындылай келе, Лукашенко Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі ел мен халықтың игілігі үшін барлық күш-жігерді жұмсауға әзір екендігі үшін алғыс айтты.