Bugin
Ірі қылмыс жасағандар ұсталды
ҰҚК 18 адамнан құралған аса қауіпті қылмыстық топты қолға түсіргенін мәлімдеді. Қылмыстық топ мүшелері ақбөкендердің мүйізін Қытайға саудалаумен айналысқан.
9 күдікті соттың санкциясы бойынша қамауға алынды.
Тінту барысында олардан 1 тонна, 118 келі бөкен мүйізі табылған.
- Бұл кемі 3 мың бөкенді атты дегенді білдіреді, - деп хабарлайды құқық қорғау органдары.
Сарапшылардың есебі бойынша, қылмыстық топтың мемлекетке келтірген зияны 5 млрд 664 млнға теңгеге тең.