Hi-Tech

Қазақстанда киберспортпен ақша тауып жүргендер бар ма?

Компьютер ойындары арқылы ақша табуға болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейлік Gambit командасы халықаралық турнирде Қазақстан туымен шықты.

CS:GO ойынындағы ең үлкен сыйақы белгіленген PGL Major Krakow 2017 ойынында ресейлік Gambit киберспорт ұйымының командасы бәрінен озып, $500 000 ұтып алды. Бірақ аталған команда Қазақстан жалауымен жарысқа қатысқан. Себебі команда құрамындағы бес ойыншының үшеуі Қазақстаннан болды.

Қазақстандық киберспортшылардың арасында ең көп табысқа жеткен әзірге 29 жастағы "AdreN" – Дәурен Қыстаубаев болып отыр. Cybersport.ru сайтының мәліметіне орай, оның жарыстардан тапқан табысы $214 135 құрайды. Қазақстанда 30-ға жуық кәсіби киберспортшы бар.

Imgame.kz сайтының дерегіне сүйенсек, Қазақстанда 400 кәсіби киберспортшы бар. Ал киберспортшылардың табысы бойынша Қазақстан 1,5 миллион АҚШ долларымен 130 елдің ішінде 35 орында тұр екен. Қазақстанда табысқа жетіп үлгерген 30-ға жуық кәсіби киберспортшы бар. Бірақ тәулігіне 15-20 сағат компьютер ойынын ойнайтындар көп. Әйтсе де, олар кәсіби деңгейге әзірге жете қойған жоқ.