Саясат
Халық көп жиналды
Чили билігі Сантьягода митингіге жиналған миллиондаған халықтың үнін естідік, бұл туралы ел президенті Себастьян Пиньера Twitter-де мәлімдеме жасады.
Чилидегі жаппай наразылық қазақ айының басынан басталған еді. Метроның жол жүру бағасы қымбаттаған кезде, жаппай толқу басталды. Алайда бұл себептердің бірі ғана еді. Тұрғындар тегін білім алу мен медицина қызметін алуды, еңбекақыны көтеріп, тарифтерді төмендетуді талап етті.
Ал ел астанасы Сантьяго қаласында ел тарихында алғаш рет ең үлкен манифестация өтті. Оған 1 млн 200 мың адам жиналған.
- Біз барлығын естідік. Енді Құдайдың көмегімен Чили жолына өтеміз, - деп жазды президент.