Саясат
Одақтастар арасына сызат түскендей
Белоруссия Ресейден несие алып, бюджетті қаржыландырғалы отырған жоқ, деп мәлімдеді елдің қаржы министрі Максим Ермолович.
- Біз Ресей тарапына сұраныс берген жоқпыз. Ресейден несие алу жоспарымызда жоқ, - деп атап өтті шенеунік.
Оның айтуынша, Белоруссияға бюджетті қаржыландыру үшін қосымша ақша, "саяси несие" керек жоқ. Биылғы жылы Минск Қытайдан 500 миллион доллар алуды жоспарлап отыр.