Weekend

Күз жайлы бір ой

Өлең

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Осы күзден көңілде қала ма шық?

Жағаласып..

Мұң мен бақыт кетті ғой араласып.

Осы жылдың ең соңғы күзінде бір,

Ең соңғы рет қал, көкем ал адасып!


Ең соңғы рет көлеңкем ал адасып

Қара басып..

Кетсем бе екен жырымды ала қашып?

Ынтызар боп бір күзге, бір басылған

Шала ғашық болдым-ау шала ғашық!


Көңілімде мың күдік жоқ аса да

Жоласа да..

Күліп қоям сары күз бола сала!..

Айға қарап ұйқысыз отырмын мен

Айтып беріп сырымды оңашаға..


Осы күзбен қала ма арада шық?

Бағана шыт...

Көңілің шыққа оранған қала, лашық!

Тірілерден біздердің о, Поэзия,

Алыстамай тұрса ғой арақашық..

Гүлнұр Қоқан

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61