Саясат
Бәрі күрдтердің шешіміне байланысты
- Егер күрдтер Сирияның солтүстік-шығысында құрылған қауіпсіздік аймағында қалатын болса, біз жаңа операция бастап ол жерді азат етеміз, - деп мәлімдеді Режеп Тайып Ердоған.
Ол Ресеймен жасалған ені - 30 шақырым, ұзындығы - 340 шақырым болатын қауіпсіз аумақты құру жөніндегі уағда туралы еске салды.
- Біз Ресеймен бұл аймақты бірлесіп күзетеміз. Егер 150 сағат ішінде лаңкестер бұл жерден кетпесе, онда біз іске кірісеміз, - деп мәлімдеді Түркия мемлекет басшысы.