Weekend
Көзге көрінбейтін дүние
Бақыт терминін әркім әр қалай түсінеді. Бақыт - көзге көрінбейтін, иіскеп сезілмейтін тылсым күш. Біреулер үшін бақыт - ақша, мал, байлық болса, біреулер үшін атақ-абырой. Ал мен үшін бақыт - отбасым, бауырларым, туыстарым, құрбы-құрдастарым.
Менің ата-анаммен өткізген әрбір сәтім ең бақытты кездерім. Бақытты жандар ақкөңіл, шыдамды, мейірімді болып келеді. Ал адамды бақытсыздыққа душар ететін қасиеттерге келсек: ақылсыздық, көреалмаушылық, еріншектік. Бақыт бұл - деннің саулығы. Бақыт бұл - отбасыңның амандығы. Бақыт бұл - саған сенетін жақындарыңның болуы. Бақыт бұл - сені қолдайтын достарыңның бары. Бақыт бұл - армандарыңның орындалуы. Бақыт бұл - күлімдеп жүрген әр күнің!
БАҚЫТ ДЕГЕН-ӨМІРДІҢ АҒЫ МЕНЕН ҚАРАСЫ, БАҚЫТ ДЕГЕН - АДАМНЫҢ ОЙЫ МЕНЕН САНАСЫ.
БАҚЫТ ДЕГЕН - МЫНА ЖАЛҒАН ФӘНИДІҢ
МАҒЫНАЛЫ ӨТЕТІН БІР АРНАСЫ!
Әр адам бақытты болуға талпыну керек. Өзі таңдаған мамандықта оқу, сол мамандықтың шебері болу - бұл да бір БАҚЫТ! Қазіргі дамыған заманда көп саланы меңгеру-адамды жарқын болашаққа, БАҚЫТТЫ өмірге жетелейді. ӘРБІР СӘТТІ БАҚЫТ ДЕП БАҒАЛАУМЫЗ КЕРЕК!