Weekend

Сіз де осындай жанды жолықтырған боларсыз?!

Қайыршы, кезбе, ішкіштердің осындай күй кешуіне не себеп...

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыдай алып шаһарда жүрсеңіз, қайыр сұрап, яки, аз да болсын қызметі үшін ақша тілеген ақ сақалды қарттар мен ақ жаулықты аналарды көрген боларсыз?

Кейде сол кісілердің маңынан өткенде бәз-біреулер тіксініп, "ішкіш", "кезбе" деп менсінбей өте шығатынын байқаймын. Ал сізді сол бір тағдыр тәлкегіне тап болған жандар бұл хәлге қалай түсті деген сұрақ мазалап көрді ме? 

Құрбыларымызбен аптаның бір демалысын белгілеп, саябаққа серуенге шыққан болатынбыз. Сол сәтте, осы бір мұңды әлемге саяхат шеккендей болдық. Мәреміз етіп Екінші дүниежузілік соғысқа атақты полковник Панфилов әскерлері аттанған саябақты алдық. Айналадағы көріністер мен адамдарды суретке түсіріп жүргеніміз сол еді, анадай да отырған әжей көзімізге оттай басылды. Саябақ ортасында ақ жаулықты әжей серуендеп те келмепті, қайыр да сұрап отырмады. Ол кісі адал еңбек, маңдай терменен бір күндік азық болар талшық таппақ ниетте еді. Әжей өзге кезбелер сияқты өміріне нала айтпайтыны таңдандырды. Ол кісі әрбір адамға күлімсіреп қарайды, көздері де шуақ шашып тұрғандай. Бұл әжей жүрегіндегі мейрімділіктің бәрі емес еді. Бір кезде әжей қолындағы жалғыз бәлішті теңдей бөліп, қасынан өтіп бара жатқан кезбе атаға ұсынды. Біз бұл кісінің жүрегіндегі қайырымдылық пен қанағатқа таңданып қалдық. "Дәл осылай бақылап тұра береміз бе?" деген оймен, әжейге сәл де болсын қол ұшын беру мақсатта,  кезек-кезек таразысына тұрып, салмағымызды өлшеп алдық. 

Ақысын беруге келгенде құнын сұрап едік: "Барларыңды бере қойыңдар, айналайындарым. Бермесеңдер де өкпем жоқ", - деді. Мейрімді жан жүзімізге еріксіз күлкі ұялатты. Ол кісінің тек бізге ғана емес, сол саябақта бізден өзге жүрген қаншама адамға бірдірген жылылық пен мейірімі жадымыздан көп уақытқа дейін өшпей жүрді.

Бірақ бұл әжейдің бақытты кейпі тек сырттай ғана ма деймін. Бәлкім, олай да емес шығар. Осындай күніне тәуба етіп, өміріне нала айтпай керісінше шүкірлік жасап жүрген болар , иа?!

Мен бұл кісімен тілдескім келді, жай ғана шынайы ішкі шерді тарқата әңгімелескім келді. Бірақ, жанашырлығымнан ыңғайсыздығым басым түсті. Әжейге жымия қарап тұрдым да, аузымды аша алмастан кері айналып кете бардым.

Бастысы, осындай  көмекке мұқтаж жандарды елеусіз қалдырмайықшы?!