Bugin
Ауыл тұрғындары зиян шегіп отыр
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішімдік ішіп көлік айдағандар мен мал ұрлағандарға жаза күшейту қажеттігін тапсырды.
- Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет, - деп жазды Твиттерде мемлекет басшысы.
Қазақстанда жасалатын қылмыстардың 70%-ы – бұл ұрлық. Оның ішінде үй тонау мен мал ұрлау кең жайылған қылмыстардың бірі болып отыр. Соған орай Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жазда Қылмыстық кодекске «Мал ұрлығы» атты жеке бап енгізіліп, ауыл тұрғындарын шығынға батырып отырған мұндай қылмыс аса ауыр қылмыс түріне жатқызылып, жаза күшейтілетінін хабарлаған болатын.