Bugin

Елордада үнді жұмысшылары төбелесіп қалды

Бір-бірімен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елордада құрылысы жүріп жатқан нысандардың бірінде үндістандық жұмысшылар бір-бірімен төбелесіп, 8 адам ұсталды.

- 27 қазан күні сағат 20.58 кезінде Нұр-Сұлтан қаласының Орталық жедел әрекет ету басқармасына шұғыл хабарлама келіп түсті. Анықталғанындай, елордада тұрғызылып жатқан нысанның жатақханасында жұмысшылар (Үндістан азаматтары) төбелесіп қалған», - деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Спирттік ішімдік ішкен Үндістан жұмысшылары өзара жанжалдасып, ақыры 3 адам дене жарақатын алған.

- Аталған оқиғаға қатысты 8 шетелдік жұмысшы ұсталып, Е сіл аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді полициядан.

ҚазАқпарат