Weekend
Бұл өмірде жақындарымызды бағалай білейік
Қамшының сабындай бес күндік мына жалғанда бір біріміздің қадірімізді білейік.
Өйткені пешенемізге жазылған уақыттың қаншаға дейін созыларын жаратушы Алладан басқа ешкім білмейді... Бүгін бармыз ертең жоқпыз. Сондықтан әрбір соғылған қоңырауға мән беріңіздер себебі ол қоңырау қайта соқпауы мүмкін немесе қайта xабарласқанда саған керек жанның даусын ести алмауың мүмкін...
Қасыңыздағы жақын жандардың маxаббатын қабыл алып жауаппен сол маxаббатты сізде қайтара біліңіз. Тоқтаусыз мейрім шашып,жүрекке жылу сыйлайтын сөздер айтыңыз мүмкін сол адам дүниеден өткенде артында өкінішпен қалмарсыз.
Менің бұл өмірден түйген тағы бір ойым ол адамды тірі кезде бағалау керек екен... Дүниеден өткеннен кейін қадіріне жету ол бар адамның қолынан келетін іс екен...
Бұл дүниенің тіршілігі өткінші ғой шіркін... Бірақ біз оны мәңгілік шырақ секілді көреміз. Және де сол лапылдаған шырақты айналып жүріп қай кезде күйіп қанатсыз қаларымызды білмейміз екен.