Саясат
Қазақстанда жүргізушілерге қатысты шара қатаңдай түседі
"Заңға өзгертулер енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез-келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сондай-ақ мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-ші бабына сәйкес, алкогольді ішімдік ішіп, есірткі қолданған соң көлік тізгініне отырғаны үшін ең жеңіл жаза - үш жылға көлік басқару құқығынан айыру.
Егер жүргізуші салдарынан жол апаты болса, бұл құқықтан төрт жылға айырылады. Адам денсаулығы мен өзге көліктерге зақым келтірсе, бұл жазаны бес жылға ұзарту қарастырылған.
Құқық бұзушылық қайталанса, мерзім ұзартылады. Бұдан бөлек, жүргізуші 15-тен 30 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін.