Саясат

Назарбаев Тоқаевты уыста ұстау үшін бәріне дайын – шетелдік сарапшы

Бірақ Тоқаевтың құтылатын жолы бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құзіреті күшейтілген 184-ші қаулының қабылдануы Қазақстан жұртшылығын ғана емес, әлем саясаткерлерінің де таңқалысын тудырды. Бұл қаулы Назарбаевтың елде қос билік жоқ деген қулығын жоққа шығарып, Қазақстанды басқарып отырған әлі де Назарбаев екендігін көрсетіп берді.

Ұлыбританиядағы Prism Political Risk Management компаниясының директоры Кейт Мэллинсонның айтуынша, Назарбаев билікті қолынан сусытып алмауы үшін бәріне дайын.

- Назарбаев жаңа қаулы отставкаға кеткеннен кейін жарты жылдан соң қабылдауы... уысынан шығып бара жатқан транзитті ұстап қалуға тырысқанын әрі Тоқаевтың шектеп отыру үшін заңға тағы өзгеріс енгізіп отыруға дайын екенін көрсетіп берді, - дейді Кейт Мэллинсон.

Ал жаңа қаулы элита арасындағы ойынды біршама өзгертетіні белгілі. Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ұлттық банк, Бас прокуратура, Ішкі барлау қызметін өзінің ғана бақылауына алып, басты күштері қолына қаратып алды.

- Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін, жеке биліктің орнына олигархиялық билік келе бастады. Ал олар Тоқаевқа ықпал етуге, оны өздеріне тартуға тырысты, - дейді Мэллинсон.

Ал Гарвард университеті жанындағы Ресей мен Орта Азияны зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Наргис Қасенованың айтуынша, Тоқаевтың елді өзімен ертіп жүруге әлі де мүмкіндігі бар.

- Тоқаевтың қалай биліктен алып тастайтынын түсіну қиын, мүмкін емес жағдай. Сондықтан Тоқаев халықтың мәселесін шешу арқылы өзінің авторитетін көтеруге тырысады. Назарбаев кеткеннен кейін елдің саяси-қоғамдық әлеуметі бәрібір өзгереді, жақсы жақтарға жылжиды, - дейді Қасенова.

Еurasianet.org