Саясат

Елордада шетелдік жұмысшылар төбелес шығарды

Полицейлер жанжалдан соң сегіз адамды ұстады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үндістаннан келген сегіз жұмысшы құрылыс нысанында төбелес шығарды. 

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 27 қазан күні болған. Сағат 20:58-де жедел басқару орталығына жатақхана аумағында Үндістан азаматтары арасында төбелес болғаны туралы хабар түсті.

"Оқиға салдарынан үш адам жарақат алды. "Есіл" ауданының полиция басқармасына сегіз шетелдік жұмысшы жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Полицияда құрылыс нысанының атауын нақтылаған жоқ. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Кінәлілерге екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін (5 миллион теңгеден астам) айыппұл салынуы немесе екі жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы қарастырылған. Сондай-ақ, дәл осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы да мүмкін.