Weekend

Тұтынушы құқығы: Сатып алған тауардың қайсысын қайтара алмайсыз?

Заң

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда сауда-саттық орындарының көбейгені рас. Нарықтың түрлі тауармен толығуы да оң көрініске ие.

Кей жағдайда сапасыз өнімдерді сатып алу кезінде біз теріс көріністің куәсі боламыз. Тұрмыстық қажеттіліктерімізді қанағаттандыру барысында құқық пен заңға көз ілмейміз. Теріс жағдай туындағаннан кейін ғана мүмкіндіктерді біле бастаймыз. 

Ал заң өз ісінің сарапшысы болуды талап етеді. Тұтынушы құқықтарын қорғау туралы Заңның 15-бабына сәйкес, егер сатушы тұтынушыға жарамсыз тауар сатар алдында кемшіліктері жөнінде айтпаса, онда тұтынушы өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді немесе тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге құқылы. Ал қайтаруға жатпайтын тауарлардың жөні бөлек. 

Мұндайда сатушы сатып алушыға қайтарымсыз екендігін хабарлар айтуы керек. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, іш киімдерді, шұлық бұйымдарды, жануарлар мен өсімдіктерді, метрлеп сатылатын тауарларды тұтынушылар қайтарып бере алмайды.