Woman
Ал сіз үшін "ақылды әйел" кім?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүнгі тыныштық... Салқын самал... Ойлар... Өмірімде біреуді шын мәнінде сағынып, сол адамды уайымдап және оның жәй ғана жанымда болуы соншалықты бақытқа кеңелтеді деп ойламап едім. Өмір-қызық, тым қызық...
Күні кеше саған ешкім болмаған адамның, бүгінгі таңда "өміріңнің бөлшегі, тіпті-дағы өміріңнің мәні", десе де, артық болмауы таң қалдырмай қоймайды. Өзің ойлап қарашы, осынау сергелдең мен қиындық артқан, сонымен қоса, бақыт пен қызыққа толы өміріңді жалғыз бір сүйікті адамыңа арнағаннан асқан бақыт бар ма?! Иә, барлық қыздау қауымының ойы, мақсат-мүддесі бір жерден шықпасы анық.
Бірі келіссе, бірі үшін бақыт мүлдем басқа қырлы болуы мүмкін. Мәселен, бала кезімізден ата-анамыз біздің оқуымыз, өсіп жетілуіміз үшін аз тер төкпегені аян. Олар бізге ақыл кіргеннен, ұрпағына яғни, мына бізге үлкен сенім арта бастайды. Содан кейбір өзіміздей қыздар қауымы әлгі сенімді ақтау мәселесімен, тым терең ойлап, мансап қуып, ұзақ уақытқа дейін тұрмыс құра алмай жүреді.
Дегенмен көкке топырақ шашпаймын. Тек шын мәнінде қоғамда бар нәрсені жазып жатқан жәйім. "Мансап қуып кету" дегенді сөз қылғанымда, "ендеше, білім алудың қажеті не?" деген бұрыс ойдың қалыптаспағанын сұраймын. Білім алу керек, іздену керек. Әсіресе, отбасында әйел адамның ақылды болуы маңызды. Тек ол мансап қуып кету емес, тағы дұрыс түсініңіздер.
Бірінші орын әрдайым-отбасы. Кейіннен, уақыт болған жағдайда жолдасыңның разылығымен ғана қызмет етсең оңды болады. Мендегі айтпақ не? Отбасылық өмірге аяқ басып, жанұяңды бақытты етіп, жанжарыңның разылығын алып, Жаратқанға біршама қадам жақын болу-міне әрбір қыз баласына тиесілі болатын даналық, ақылдылық.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61