Weekend
Спорттық ойындар жеткіншек ұрпақты үйлесімді тәрбиелеудің ажырамас бөлігі
Ойын баланың қабілетінің дамуына, айналасындағы дүние жайлы түсініктерінің кеңеюіне көмектеседі. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, мінез-құлықты қалыптастыру құралы ретінде ерекше бағаланған.
Өйткені ойын - баланың даму құралы, таным көзі. Ол адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Жас өспірімдерді ұйымшылдыққа, отансүйгіштікке, өжеттілікке, батылдыққа, ептілікке тәрбиелейді, патриоттық сезімдерін оятады. Күш, жылдамдық, төзімділік қасиеттерін жетілдіреді.
Әрбір қазақ үшін қазақ күрестің мәні зор. Бұл спорттық ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерін қатайтады, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады.
Ұлттық ойындар ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінді байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны үйренудің маңызы зор.