Спорт
Келуі мүмкін
Бапкерді өзіне шақыруға мадридтік Клубтың вице-президенті Хосе Анхель Санчес құшыныс танытып отыр.
Команда ойыншылары да ішінара ұйымдастырылған сауалнама кезінде Жозенің бапкер болуына қарсылық білдірмеген. 1 шілде күні бапкермен келісімшартқа қол қойылады деп күтілуде. Ұжым Моуриньюға бар жағдайды жасамақ. Бір маусымға 15 млн евро төлеуге дайын екендігін жеткізеген олар, кейін ол сомманы 20 млн евроға дейін көтерді. Ал, Жозе әлі жақ ашқан жоқ. Моуринью жақында "Манчестер Юнайтедтің" Бас бапкерлігінен қуылған болатын. Жозе білікті бапкерлер қатарында болғанымен соңғы жылдары баптаған тұлпарлары бәйге алудан қалды. Бұқаралық ақпарат құралдары бұл тұлғаның «Реал тізігінен ұстаса оларға тұсау салу қиынның қиыны болады» деп баға беруде.
Бапкер келісімін берсе, корольдік клуб өз биігінен асып секіреріне күмән жоқ.