Bugin
Президенттің тапсырмасы
Елдің Ішкі істер министрлігі мас күйінде көлік айдағандарға жаза күшейетінін хабарлады. Қазір құқық қорғау органдарды Ресей мен Белоруссияның заңнамасын зерттеп жатыр.
Мәселен, Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, бұл елдерде мас күйінде көлік айдап екінші рет ұсталған жүргізушілердің көліктері тәркіленеді. Ал бізде жүргізуші куәлігі тартып алынады.
- Жүргізуші куәлігі болмаса да, кейбір азаматтарымызға заңға бағынбай көлікке отырып алады. Сондықтан мұны болдырмас үшін заңды күшейтеу керек, - дейді Марат Қожаев.
Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішімдік ішіп көлік айдағандарға жаза күшейту керектігін тапсырған болатын. Соған орай енді Ішкі істер министрлігі заңды толықтырып, жол ережесін бұзғаны үшін көлік тәркілеу туралы бап енгізбек.