Bugin

Былығы бар деп айыпталған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

Арын Орсариев

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдің Білім және ғылым министрінің жауапты хатшысы Арын Орсариев "Ғылым қорына" төраға болып қызметке орналасты. Мұны Білім министрінің баспасөз хатшысы Олжас Құдайбергенов хабарлады.

- "Ғылым қорында" соңғы жылдары көп дау-дамай болып кеткенін білеміз. Бұлай бола бергені дұрыс емес. Білім министрі Асхат Аймағамбетов кадрларды белсенді түрде ауыстырып жатыр. Қазір Қордың басқарма құрамы, директорлар кеңесі толықтай өзгертіліп, қызметі жаңа бағытқа қойылды, - деп жазды Құдайбергенов Фейсбуктегі парақшасында.

Баспасөз хатшысы білім министрінің Орсариевке сенім артып отырғанын және оның қызметінің ауысуы "бұрынғы істеріне" еш қатысы жоқ екенін атап өтті.

- Арын Орсариев бұл қызметіне жауапты хатшы болып жүрген жерінен ауысты. Кейбір БАҚ өкілдері мұны басқа жағынан көрсетіп жатыр. Алайда өз басым Арын Орсариевке сенемін, - деп атап өтті Құдайбергенов.

Осы орайда айта кеткен жөн, осы жылдың тамыз айында білім министрлігіне қарасты кімшілік жұмыс және мемлекеттік сатып алулар жөніндегі департамент директоры Анар Қайырбекова жауапты хатшы Арын Орсариев пен вице-министр Рустем Биғариді қызмет көрсету жөніндегі келісімшартқа күштеп қол қойғызып, ақшаны өздері «иемденіп» алды деп айыптаған еді.