Bugin
Бюджет дұрыс игерілмейді
Елдің бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетов құқық қорғау органдарын бюджет қаржысын жымқырып, талан-таражға түсірген, дұрыс жұмсамағандарға қарсы шараны күшейтуге шақырды.
Бас прокурордың ойынша, бюджеттен бөлінген қаржы жол-жөнекей талан-таражға түсіп, азаматтардың өзіне жетпей қалады. Бұған алаяқ шенеуніктер мен кәсіпкерлер кінәлі.
Ғизат Нұрдәулетов құқық қорғау органдарына мұндай заңсыздыққа баса назар аударуын, оның алдын алу үшін жұмыс жасауын өтіні отыр.