Weekend
Бұл әрекет күнде қайталанды...
Оятқыш шырылдады. Ояндым. Ұялы телефонға үңілдім. Жуындым, киіндім, таңғы асымды іштім.
Автобусқа отырдым. Ұялы телефонға үңілдім. Практикаға келдім, қыздармен сөйлестім. Ұялы телефонға үңілдім. Автобусқа міндім, тағы да сол, ұялы телефонымға үңілдім. Ағылшын курсынан шықтым. Ия, ия, тағы да ұялы телефоныма үңілдім. Ары қарай жалғастырмасам да, түсінікті болып тұр емес пе? Мен ұялы телефонға тәуелді бола бастадым. Өздігімше бұл мәселенің шешімін іздей бастадым...
Ұялы телефонымды инстаграмды қолдану үшін өте көп пайдаланады екенмін. Жексенбі күні инстаграмды пайдаланбай, 3 сағат жүріп едім телефонымның қуаты 100% -дан 85% қалды. Өздігімше бұл мәселенің шешімін іздей бастадым.
Таңертең оянып, көзімді 10 минут ашып жатамын. Автобуста кітап оқимын, сөздік жаттаймын, құлаққапты тақсам, пайдалы дүниелерді ғана тыңдаймын немесе жай ғана ойланамын. Ал инстаграмда жиі отырмауға тырысып жүрмін. Уақытымның көп бөлігін әлеуметтік желілерде отырып, ұялы телефонға тәуелді болғым келмейді. Ал сіз ұялы телефонға қаншалықты тәуелдісіз?