Bugin
Алты мектептің бірі
Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек аппараттық жиында мәлімдеді.
Назарбаев Зияткерлік мектебі аймақта жақын болашақта құрылысы жоспарланған алты білім беру ұйымдарының бірі болады. Сонымен қатар Қарағандыда тағы екі орта мектеп, басқалары Теректі, Шет және Ұлытау аудандарында ашылады.
- Жаңа мектептер құрылысының арқасында оқу орындарының саны жеткілікті болады. Осылайша біз жұмыс жүктемесі мен үш ауысым мәселелерін шешеміз. Ендігі біздің басты міндетіміз – 30 жастан асқан мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу. Қарағайлыда «Ауыл – ел бесегі» жобасы аясында ғимаратты жөндеуге 500 миллионға жуық теңге бөлінді. Дәл осындай жұмыс Егіндібұлақта жоспарланған, – деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, ол ерекше қажеттіліктері бар балаларға жағдай жасау керектігін айтты.
Аймақ басшысы қалалар мен аудандардың әкімдеріне бір апта ішінде күрделі жөндеуді қажет ететін мектептердің толық тізімін беруді тапсырды. Сонымен бірге шығындармен бірге жол картасын жасауды. Осы процесті және болашақта жөндеу барысын бақылау үшін Жеңіс Қасымбек жұмыс топтарын құруды тапсырды. Олардың құрамына қамқоршылық кеңес мүшелері және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.