Саясат

Әміржан Қосанов: Халықтың қаралайтынын білсем де, осындай қадамға бардым

Менің қателігім – Тоқаевты түнде мойындауым

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда президент сайлауы өткен болатын. Президент сайлауында Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы, Еспаева Дания Мәдиқызы,  Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы, Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы, Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы, Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы, Түгел Сәді-Бек өз кандидаттарын ұсынған еді. Нәтижесінде Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Алайда көпшілік сайлаудың нәтижесіне қанағаттанбаған болатын. Себебі бірі Тоқаевты, бірі Қосановты қолдады. Осы орайда Қазақстан президенттігіне үміткер болып, сайлауға түскен Әміржан Қосанов Еуразия арнасына сұхбат берген болатын. 

Сайлаудан кейінгі ел-халықтың өкпесі жайлы сөз етіп, сол кезде өзін қолдаған азаматтарға алғысын білдірген саясаткер өзінің басты қателігі - сол күні түнде-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевты, яғни президентті құттықтағаны болғанын айтыпты.

«Менің қателігім – түнде мойындауым деп ойлаймын. Мұнда үлкен таңдау болды: Саяси хайп жинап, өзін соншалықты табанды оппозиционер, революционер етіп көрсету. Бірақ оның арты қиын жағдайға алып келуі мүмкін еді. Сол себепті маған мемлекеттің тәуелсіздігі, халқымыздың тыныштығы қымбат болды. Қаралайтынын, күйелейтінін білсем де, осындай қадамға бардым», – депті Әміржан Қосанов.