Саясат

Тараздағы әскери бөлімде тағы бір сарбаз қайтыс болды

Ол әскери бөлімнен асулы күйі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Таразда үйіне қайтуға екі ай қалған Ұлттық ұланның сарбазы асулы күйінде табылды.

55/13 әскери бөлімінде сарбаз Болат Батырханның денесі әскери бөлімдегі екі ғимарат қуысындағы биік темірге асылып қалған. Ақтөбелік жауынгердің үйіне оралуына небәрі екі ай қалған екен.

«Оқиға тексеріліп жатыр. Мән-жайды анықтайтын боламыз. Ең соңғы шешім тергеу аяқталғанда белгілі болады»,- деді ҚР Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешов. «Денесінде бірде-бір соққының ізі жоқ», - деген әскерилер Болат Батырханның үздік сарбаз болғандығын айтады.

Оның суреті мақтаулы жауангерлердің қатарынан түспеген. Айта кетейік, аталмыш әскери бөлімде бұған дейін де қайғылы жағдай тіркелген. Үш жыл бұрын прапорщик қару-жарақ қоймасында өзінің табелдік тапаншасымен атылып, көз жұмған болатын.

inform.kz