Саясат
Усама бен Ладен де теңізге жерленген еді
Трамп 27 қазанда АҚШ-тың Сириядағы арнайы операциясының нәтижесінде «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) басшысының жойылғанын жариялаған еді.
Олар әл-Бағдадидің мүрдесін «әл-Каида» лаңкестік тобы жетекшісінің денесі сияқты жерлеуге шешім қабылдады.
27 қазанда Сирияда америкалық арнайы операция кезінде жойылған «ИМ» террористік тобының (Қазақстанда тыйым салынған) жетекшісі Абу Бакр әл-Бағдадидің қалдықтары теңізде жерленді. Бұл туралы екі әскери дереккөзге сілтеме жасай отырып CNN хабарлайды.
Бұған дейін АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Роберт О'Брайен NBC-ке берген сұхбатында АҚШ Бағдадидің денесін 2011 жылы «әл-Каида» лаңкестік тобының жетекшісі Усама бен Ладеннің денесі сияқты бірдей жерлемекші, яғни теңізде жерленеді деп мәлімдеген болатын.