Саясат
Бақытжан Сағынтаев Президенттен қандай көмек сұрады?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚала басшысының айтуынша, индустриалды аймақ инвестиция тарту мен жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
"Бүгінде индустриалды аймақты толықтырып жатырмыз. Осы жылдың аяғына дейін жеті кәсіпорын іске қосылып, шамамен 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады", - деді әкім Алматыға барған президентке.
Осы орайда Бақытжан Сағынтаев бұл жобаға инвесторлар қызығушылық танытып отырғанын атап өтті. Қала әкімдігінде бос жатқан 153 гектар жерді игеруге арналған "нақты жоспар" бар екен.
"Жаңа кәсіпорындарды құруға жер жетіспейтін . Алматы индустриалды аумағының көлемін кеңейту мәселесі бойынша сізден көмек сұраймыз. Қосымша 190 гектар жер керек. Ол үшін жер кодексіне өзгеріс енгізу қажет. Яғни мемлекет игілігіне қажет жер учаскелерін еркін экономикалық аймақтардағы сияқты индустриалды аймаққа алуға болады", - дейді ол.
Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматыға барған. Ол мегаполисте 2 күн болып, бірқатар объектілерді аралайды деп жоспарланып отыр.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61