Bugin
Құрылыстан хабары бар жан
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жасаған сапарында қаладағы тарихи ғимараттарды күреу туралы әкім ұсынысын сынға алды.
- Абылай хан даңғылында тұрған Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрын бұзуға мүлдем қарсымын. Қабанбай батыр көшесіндегі үлкен қонақ үйді де күреуге болмайды. Жанында қарағай саябақ бар. Алатау кинотеатрын бұзу деген тағы не сөз? Алматының көне, тарихи орындары емес пе! – деді Тоқаев.
Сөз барысында мемлекет басшысы қаланың ортасына ғимарат сала бергенше, көлік қоятын орындарды салу керектігін ескертті.