Weekend
Менің алтын мекенім
Ауылдың бір сыры бар бағынатын,
Көңіліме алау боп жағылатын.
Ауылдың бір жыры бар қоңыр үнді
Ұмыттырмай тұратын бала күнді.
Пернелерін көңілдің дөп басатын,
Сол әуен қақсын деймін қос қанатын.
Сағынғанда жүректе жыр ойнатқан
Алақандай ауылым - жер жанатым.
Домбырадай қос ішек қағылатын,
Қоңыр үнді сағыныш ағылатын.
Қандай ғана құпия бар екен-ау
Оятар сонда өскеннің махаббатын.
Сылдыраған өзенің күмістейін,
Қымбат шіркін, жусанды белестерің.
Суырлы тау етегі ел жайлаған
Естен кетпес менің - алтын мекенім!!!
Тауларың бар «Алтаймен қол ұстасқан»
Ел - жұртым бар той думанда бас қосқан.
Барсам саған өрекпиді жүрегім
Әр кеткенде сені қимай қоштасқам!
Камшат Абылгазиновна