Саясат

Түркия: Сирияда химиялық қару қолданған жоқпыз!

Фосфор

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия 1997 жылдан бері химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және пайдалануға тыйым салу туралы конвенцияның мүшесі болып табылады.

Түркия Сирияның солтүстігіндегі операцияларда фосфор қолдануды жоққа шығарады, деп хабарлайды РИА Новости. Мұны Түркияның Мәскеудегі елшісі Мехмет Самсар айтып отыр.

- Біріншіден, мен террористік ұйымдардың ақпарат таратуы – жалпыға ортақ құбылыс екенін айтқым келеді. Біз бұл мәлімдемелер мен осы жала жабуды қабылдамаймыз және әртүрлі жағдайларда жариялағанымыздай, Түркияның қарулы күштерінде ешқандай химиялық немесе басқа тыйым салынған қарулар жоқ. Түркия 1997 жылдан бері химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтауға және пайдалануға тыйым салу туралы конвенцияның мүшесі болып табылады. Түркия - химиялық қарудың алдын-алу, тарату және бақылау саласындағы халықаралық құжаттарға қол қойған ел. Және Түркия осы шеңбердегі барлық міндеттемелерін орындауда, - деді елші.

Ол Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы бұл айыптаулар бойынша тергеу жүргізілмегенін және олардың орындылығы расталмағанын хабарлады.

Бұған дейін Сирия Демократиялық Кеңесінің (СДК) атқарушы комитетінің төрағасы Ильхам Ахмед АҚШ Конгресіне жасаған мәлімдемесінде Түркия Сирияның солтүстігінде әскери операция кезінде фосфор қолданғанын айтқан болатын.