Weekend
Эйфель мұнарасы жайлы қызықты дерек
Әлемге белгілі Эйфель мұнарасы түнде, әсіресе, көрікті, тартымды көрінеді. Егер Париж қаласында түнде қыдыруға шыққан болсаңыз, кербез мұнараға барып қайтуды ұмытпаңыз. Алайда бір ескерер нәрсе бар... Мұнараны түнде суретке түсіруге болмайды!
Неге дейсіз ғой? Себебі француз мұнарасын дәріптеу - оны ойлап тапқан адамның жеке құқығындағы нәрсе. Тіпті, штатив пен фотоаппаратты да мұнараның жанында қолдана алмайсыз.
Бұл тыйым авторлық құқықты сақтау үшін жасалып отыр. Себебі Париж осы атақты мұнараның фотосы үшін қомақты қаржы табады. Бір сөзбен айтқанда, оны сізбен бөліскісі келмейді. Бұл әрине, әділетті. Себебі Эйфель мұнарасы Франциядағы маңызды әрі күллі әлемге танымал көрнекті орын емес пе?!