Саясат

Сирия содырлары орыс әскеріне оқ атты

Ресей әскері орналасқан шекараға қарай оқ атқан

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирияның солтүстік-батысындағы Хасек провинциясындағы «Дарбасия» шекара бекетінде Ресей әскери полициясы мен содырлардың арасында атыс болды. Алты адамы зардап шекті, деп хабарлайды Сирияның мемлекеттік теледидары.

Сонымен қатар нақты кім жарақат алғаны көрсетілмеген.

Араб республикасының солтүстігінде ахуал қазан айының басында Түркия күрд әскерлеріне қарсы бағытталған «Бейбітшілік көзі» операциясын бастаған кезде шиеленісіп кетті.

17 қазанда Америка Құрама Штаттарымен келісім бойынша Анкара әскери операцияларын тоқтатты. Келісімнің тағы бір шарты бойынша күрдтер шекарадағы 30 шақырымдық буферлік аймақтан өз бөлімшелерін шығарып алуы керек болатын.

22 қазанда Владимир Путин мен Режеп Ердоған алты сағаттық келіссөздер өткізіп, 10 тармақтан тұратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.